Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

«Пойыздарыңа ақша табылды»: Қармаққа балық түскеніне қуанған әке жұрттың жүрегін елжіретті

Қақаған қыстың суығында ауына мол балық түскеніне қуана білген ер азамат балаларына видео жолдап, жүрек тебірентер сөз айтты. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі maskara_news парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Пойыздарыңа ақша табылды», — дейді ол бейнежазбада.

Осы бір қарапайым ғана сөз көпшіліктің көңілін босатып, көзге жас үйірді.

«Бұл — балаларымның несібесі» деген әкенің шынайы қуанышы мен адал еңбегі желі қолданушыларының зор қолдауына ие болды. Көпшілік оны мақтап, жылы лебіздерін жаудырып жатыр.

Back to top button