Белгілі журналист-блогер Тимур Асылханов өз парақшасында Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздардың бір күндік өмірін көрсеткен видео жариялады, деп жазды qandastar.kz
Ол Сарыөзек әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен таныстырып, қызметкерлермен сұхбаттасқанын, сондай-ақ сарбаздар асханасындағы түскі ас сәтін де көрсеткен.
Әскердегі сарбаздардың өмірі шынында қызық. Содан болар бұл видео әлеуметтік желіде көп қаралым жинап, пікір білдірушілер санын арттырды.
«Шынайы картинаны көрсету керек», «Мынау показуханың потологы болды», «Сарбаздар түсінбей жатқан сияқты», «Тексеріс келіп бір тоятын болды», – деген пікір білдірушілер бар.



