Жаңалықтар

Полигонда қаза болған сарбазды командир қасақана өлтірген болуы мүмкін

Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Бас әскери прокуратура Ақтауда борышын өтеп жүрген сарбаздың өліміне қатысты түсініктеме берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекеттік органның мәліметінше, 2024 жылы 7 қыркүйекте сағат 17:10 шамасында Ақтаудағы «Оймаша» полигонының аумағындағы Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінің бірінің взвод командирі қатардағы Б.-ға ПМ табельдік тапаншасынан оқ атты. Салдарынан сарбаз қайтыс болды.

«Сол күні Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы қасақана кісі өлтіру дерегі бойынша соталды тергеп-тексеруді бастады (1-бөлім ҚК 99-бабы). Тергеу органы күдіктіні ҚІЖК-нің 128-бабының тәртібімен ұстады және Ақтау АӘК-не қамауға алды. Қылмыстың себебі мен өзге де мән-жайын анықтау үшін тергеу іс-шараларының қажетті кешені жүргізіліп жатыр», – делінген Бас әскери прокуратураның хабарламасында.

Іс бойынша іс жүргізу прокуроры тағайындалды.

Бас әскери прокуратура тергеу барысын ерекше бақылауға алды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close