Жаңалықтар

Полигондардың жұмысын бақыламаған шенеуніктерге 9 млн теңге айыппұл салынды

Түркістан облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы облыстағы  тұрмыстық қатты қалдықтарды сақтайтын полигондарды тексерді, деп хабарлайды qandastar.kz ақпараттық порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.  

Тексеріс барысында, полигондардың 70 пайызы санитариялық-экологиялық талаптарға сәйкес келмейтіндігі анықталды.

Мәселен, облыс аумағындағы 135 полигон инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмеген (жарық, қоршау, арнайы құрылғылармен қаржыландыруға байланысты жабдықталмаған), 81-і санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысыз (жан-жақты қарау және тиісті әкімшілік жауаптылыққа тарту бойынша материалдар сотқа жолданған), 11-і экологиялық рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеуде.

Бұл ретте, орын алған заң бұзушылықтар бойынша прокуратура тарапынан қадағалау актісі енгізіліп (Түркістан облысы бойынша Экология департаменті мен санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментіне), тиісті басшыларына  9 млн теңгеден астам айыппұл салынды және 11 полигонның қызметі экологиялық рұқсат алғанша тоқтатылды.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close