БілімЖаңалықтар
Полиция алматылық оқушының өзіне қол салғанын растады
Фото: ашық дереккөз
Алматыда жасөпірім өз үйінің жанында асылып қалған, деп жазды qandastar.kz
Әлеуметтік желіде 2009 жылғы оқушы өз-өзіне қол салғаны туралы ақпарат тарады. Алматы қаласының Полиция департаменті бұл деректі растады. Тәртіп сақшылары 105 бап (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша қылмыстық іс қозғаған.
«Бұл дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, өткен жылы Алматыда көпқабатты үйден секіріп кеткен оқушы қыздар мерт болғанын жазғанбыз.