Әлем жаңалықтары

Премьер-министр отставкаға кетті

Фото: РБК

Бангладеш премьер-министрі Шейх Хасина ауқымды наразылықтар кезінде отставкаға кетті, – деп хабарлайды qandastar.kz.

Reuters агенттігі жазғандай, Шейх Хасина сіңлісі екеуі Үндістанға ұшып кеткен.

Шерушілер мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге арналған квота жүйесіне қарсы шықты, наразылықтар тәртіпсіздік пен қақтығысқа ұласып, ондаған адам қаза тапты. Бангладеш армиясының басшылығы елдің саяси партияларының жетекшілерімен келіссөздер жүргізуде және оның қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізуге уәде берді.

Наразылық білдірушілер Бангладеш премьер-министрінің резиденциясы Ганабхабанға және елдің ішкі істер министрінің (РБК) үйіне де шабуыл жасады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close