Жаңалықтар

Президент 20-21 мамыр күндері Мажарстанға барады

Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстанға барады. Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 19 мамырда президенттің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды qandastar.kz

Сапар мақсаты – Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 20-21 мамыр күндері Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Мажарстанға барады», – деп жазылған ресми ақпаратта.

 

2025 жылғы 17 ақпанда Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Венгрияның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийяртоны қабылдады. Кездесу барысында әңгімелесушілер екіжақты күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелерді талқылап, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы, сондай-ақ энергетика және банктік секторлардағы өзара тиімді байланыстарды кеңейтуге ерекше назар аударды.

Zakon.kz жазғандай, кездесу соңында Қазақстан Президенті Петр Сийяртоны Қазақстан-Венгрия қарым-қатынасын дамытуға қосқан үлесі үшін 2-дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close