Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026-2028 жылдарға арналған бюджетті бекітетін заңдарға қол қойды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Shyndyk.kz сайтының Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Олардың қатарында Жалпы трансферттер туралы заң бар. Ол республикалық бюджеттен облыстарға, республикалық маңызы бар қалалар мен астанаға берілетін қаржыны белгілейді. Сондай-ақ Республикалық бюджет туралы заң да қабылданды, ол 2026-2028 жылдарға республикалық бюджеттің көлемі мен негізгі бағыттарын айқындайды.
Заңдардың мақсаты – бюджеттің тұрақтылығын қамтамасыз ету және мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру.



