Жаңалықтар

Президент Абай облысының әкімі Берік Уәлиді қабылдады

Фото:Aqorda

Мемлекет басшысы облыс әкіміне Үкіметпен бірге өңірді қарқынды дамыту жолдарын қарастырып, өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен шешуді тапсырды, деп жазды qandastar.kz

Облыс әкімінің баяндамасынан:

  • жергілікті бюджеттің шығыс және кіріс бөлігіне жан-жақты талдау жүргізілген. Үнемделген қаражат өзекті мәселелерді шешуге жұмсалады;
  • 2028 жылға дейін жалпы құны 2,2 триллион теңге болатын және 8 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 24 инвестициялық жобаның тізімі жасақталған;
  • «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 5 нысанның және оқушылар сарайының құрылысы қолға алынған;
  • аспалы көпірді реконструкциялаудың жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, Ертіс өзені арқылы өтетін тағы бір көпір салынып жатыр;
  • Семей қаласында айналма жол салу мәселесі пысықталуда.

Мемлекет басшысы облыс әкіміне Үкіметпен бірге өңірді қарқынды дамыту жолдарын қарастырып, өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен шешуді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өңдеу өнеркәсібін өркендету, жаңадан тұрақты жұмыс орындарын ашу, облыс орталығын абаттандыру және инфрақұрылымды дамыту бағытында шаралар қабылдау қажет екеніне тоқталды.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close