Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Президент әкімшілік рақымшылық туралы бастама көтерді

Қазақстанда әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша алғаш рет рақымшылық жариялау жоспарланып отыр.

Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өткен салтанатты жиында мәлімдеді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұған дейін елде қылмыстық жауапкершілікке тартылған азаматтарға рақымшылық жасалған. Енді бұл тәжірибе әкімшілік істерге де қолданылмақ.

«Енді азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін бірқатар қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылық бойынша тағы да рақымшылық жариялауға болады. Елімізде әкімшілік істер бойынша рақымшылық алғаш рет жасалатынын атап өткім келеді. Парламент қазіргі сессияның соңына дейін тиісті заң қабылдауы керек. Бұл – Негізгі заңдағы адамгершілік идеалдары мен прогрессивті құндылықтарды қоғамда орнықтыратын маңызды қадам», – деді Тоқаев.

Президент Парламентке тиісті заңнамалық өзгерістерді ағымдағы сессия аяқталғанға дейін қабылдауды тапсырды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button