Білім

Президент: Білім мен ғылымға инвестиция бес жылда үш есе артты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында бәсекеге қабілетті ел болудың негізі – білім мен ғылымды дамыту екенін айтты, деп жазды qandastar.kz

Мемлекет басшысы бес жылда білім саласына бөлінетін қаржы үш есе артқанын, мұғалімдердің жалақысы екі есеге өскенін, 1 200 жаңа мектеп ашылғанын атап өтті. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бірнеше білім ордасы салынған.

Сонымен қатар, ұлттық ғылымға бөлінетін қаржы бес есе ұлғайып, шетелдің 33 университет филиалы ашылды. Медицина саласына бөлінген қаражат 3 есе артты, 927 медициналық нысан пайдалануға берілді, орташа өмір сүру ұзақтығы 75 жастан асты. Тоқаевтың сөзінше, әлеуметтік стратегия тиімді әрі әділетті болуы тиіс, ал «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы өскелең ұрпақ үшін маңызды қадам болып табылады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button