Жаңалықтар

Президент Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады

Фото: ашық дереккөз

Кездесу барысында стратегиялық әріптестіктің қазіргі ахуалы мен перспективасы талқыланды. Cондай-ақ ірі инвестициялық жобаларға, соның ішінде газ және мұнай химиясы өндірісіне ерекше назар аударылды, деп жазды qandastar.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев: 

  • Chevron компаниясымен серіктестік еліміздегі энергетика саласын тұрақты дамытуда негізгі рөл атқаратынын атап өтті;
  • Майкл Уиртті «Теңіз» кен орнын кеңейту жобасының табысты аяқталуымен құттықтады;
  • Отандық компаниялардың мұнай-газ секторындағы үлесін арттырудың өзектілігіне назар аударды;
  • Chevron компаниясымен өзара тиімді әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастықты тереңдетуге дайын екеніне тоқталды.

Майкл Уирт:

  • Қазақстан компанияның стратегиялық әрі сенімді серіктесі болып қала беретінін жеткізді;
  • «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорны 1993 жылдан 2024 жылға дейін елімізге айтарлықтай инвестиция салғанын айтты.
Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close