Жаңалықтар

Президент Еңбек күнімен құттықтады

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Еңбек күнімен құттықтап, барлық азаматтарға зор денсаулық тіледі, деп жазды qandastar.kz

“Құрметті отандастар! Еңбек күні құтты болсын! Себебі, еңбек пен еңбекқорлық – ұлттық идеологиямыздың арқауына айналған құндылықтар. Жұмысшы мамандықтары жылында біз адал әрі қажырлы еңбегімен еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосып жатқан сан алуан кәсіп иелері мен түрлі буын өкілдеріне және еліміздегі барша еңбеккер қауымға сый-құрмет көрсетеміз.

Мен еліміздің құндылықтары мен мақсаттарына зор сеніммен қарап, қастерлі Отанымыз үшін аянбай еңбек етіп жүрген, әрдайым кәсіби шеберлігін шыңдап, өндірісте жоғары көрсеткішке қол жеткізуге ұмтылатын және әр істе алғырлық пен жаңашылдық танытатын отандастарымызға шынайы ризашылығымды білдіремін”, – деді ол.

Back to top button