Жаңалықтар

Президент кейбір министрлердің құжатқа қол қоюдан қашатынын айтты

Астанада өткен кеңесте Мемлекет басшысы Үкімет мүшелеріне бірқатар ескерту жасады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі Bairaq_media парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Президенттің айтуынша, соңғы уақытта кейбір министрлер шешім қабылдаудан жалтарып, құжаттарға қол қоюдан бас тартып жүр. Мұндай жағдайлар олардың құқық қорғау органдарының ықтимал араласуынан қауіптеніп, жауапкершілікті орынбасарларына жүктеуінен туындап отыр.

Президент бұл үрдістің жұмысқа кері әсер ететінін атап өтті. Мемлекет басшысының сөзінше, заңды негіз болмаса, күштік құрылымдар Үкіметтің қызметіне араласпауы тиіс.

Сонымен қатар Президент лауазымды тұлғаларды туындаған қауіптер мен алаңдаушылықтарды жасырмай, ашық түрде айтуға шақырды. Оның пікірінше, шешім қабылдаудағы батылдық пен жеке жауапкершілік мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button