Жаңалықтар

Президент құрылтайда Арал мәселесін көтерді

Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы өтіп жатыр. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Kazinform Telegram-арнасына айтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қызылордадағы V Ұлттық құрылтай аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдің дамуының қарқынын жоғары бағалады. Кіші Аралдың деңгейін көтерудің нақты мүмкіндіктері пайда болғанын да жеткізді.

— Арал теңізінің мәселесін сөз етпей өту мүмкін емес. Арал теңізін құтқару әлі де бүкіл адамзат үшін өте өзекті міндет болып отыр. Мен бұл мәселені халықаралық алаңдарда да бірнеше рет көтергенмін, — деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы Арал өңірінің экожүйесін қалпына келтіру бойынша жүйелі жұмысты жалғастырудың және халықаралық қауымды осы мәселеге тартудың маңыздылығын ерекше атап көрсетті.

 

 

Бұған қоса Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың елдік мәселелерді шешуде ерекше рөл атқаратынын атап өтті. Қазіргі таңда құрылтай жұмысы жалғасып жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button