Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылыс кодексіне қол қойды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Не өзгереді?
- Құрылыс кезінде қауіпсіздік күшейеді, әсіресе жер сілкінісі қаупі бар аймақтарда;
- Қала мен елді мекендерді жоспарлау ретке келтіріледі;
- Құрылыс саласы цифрландырылып, ашық әрі бақылаулы болады;
- Ескі және апатты үйлердің тұрғындарының құқықтары қорғалады;
- Әлеуметтік нысандарға кедергісіз қолжетімділік қамтамасыз етіледі.



