Жаңалықтар

Президент «ЛГБТ насихаттына тыйым салу» туралы Заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз шешімімен Қазақстанда ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салды, деп жазады qandastar.kz

Енді тыйымды бұзғандар айыппұл төлеп, қамауға алынады. Алғаш рет – 20 АЕК (78 640 теңге) айыппұл салынса, қайталап жасалған жағдайда – 40 АЕК (157 280 теңге) айыппұл немесе 10 тәулікке дейін қамау жазасы қарастырылады.

Билік өкілдерінің айтуынша, заң бұқаралық ақпарат құралдарында, интернетте және онлайн платформаларда белгілі бір ақпараттың таралуын шектейді.

Айта кетсек, біз желтоқсан айының басында Сенаттың «ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы» заң жобасын қарауды пленарлық отырыстың күн тәртібінен алып тастағаны туралы жазған болатынбыз.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button