Жаңалықтар
Президент мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заңға қол қойды

Фото: ашық дереккөз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңға қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақорданың мәліметінше, президент «мемлекеттік сатып алу туралы» заңға қол қойған. Заң президенттің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыру мақсатында қабылданған.
Жаңа заң мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жеңілдетуге және қысқартуға бағытталған. Жаңа заң бойынша:
— сатып алуды жедел жүргізу, сатып алу рәсімдерінің кешіктірілуін болдырмау мақсатында бұдан былай шағымдарды сатып алуды ұйымдастырушының өзі тікелей қарайды;
— сатып алу қорытындыларына шағымдану веб-портал арқылы және жеңімпазы тек конкурстық комиссия айқындаған сатып алулар бойынша ғана жүзеге асырылады;
— бұрын сатып алулар тек 1 әлеуетті өнім беруші қатысқан жағдайда өтпеді деп танылатын болса, енді мұндай өнім берушіні тиісті біліктілік талаптарына сай деп таныған жағдайда онымен шарт жасасуға рұқсат беріледі;
— тапсырыс берушілердің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жедел сатып алуына оңтайлы жағдай жасау мақсатында енді құны 100 АЕК-ке дейінгі тауарларды, 500 АЕК-ке дейінгі жұмыстар мен қызметтерді бір көзден сатып алу құқығы қарастырылған. Ауыл әкімдіктері үшін мұндай тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу шегі 3000-нан 4000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды;
— ғылыми ұйымдардың сатып алу тәртібі жеңілдетілді;
— төтенше жағдайлардың алдын алуға қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді бір көзден сатып алу мүмкіндігі бекітілді;
— мемлекеттік сатып алуларға қоғамдық бақылау жүргізу мүмкіндігі енгізілді;
— жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі бар әлеуетті өнім берушілер де мемлекеттік сатып алуларға жіберілмейді;
Сондай-ақ, президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сатып алу және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойған.
Еске салсақ, бұған дейін президенттің масс-медиа туралы заңға қол қойғаны туралы жазған едік.