Жаңалықтар

Президент Нью-Йорк полициясымен қақтығысып қалды

Фото: видеодан скрин

Нью-Йорк қаласында өтіп жатқан БҰҰ Бас ассамблеясына қатысуға барған Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған қауіпсіздік қызметінің қоршауын кесіп өтпек болған сәтте, оның қозғалысы уақытша тоқтатылған. Себеп — сол тұстан АҚШ президентіне тиесілі делінетін VIP кортеждің өтіп бара жатуы, деп жазды qandastar.kz

Deutsche Welle-нің түрік редакциясы жазғандай, оқиға барысында Ердоғанның күзет тобы тосқауылдарды жылжытуға әрекеттеніп, жергілікті полициямен шағын жанжал орын алғаны туралы деректер бар. Соған қарамастан, Түрік президенті кортеждің өтіп кетуін күтуге мәжбүр болды.

Айта кетейік, бұған дейін де Нью-Йорк полициясы Дональд Трамптың кортежі үшін көшелерді жауып тастап, Франция президенті Эмманюэль Макронның көлігін тоқтатқан. Сол кезде Макрон көліктен түсіп, Трампқа өзі қоңырау шалуға мәжбүр болған еді.

Back to top button