Жаңалықтар
Президент опера әншісі Әйгерім Алтынбекті құттықтады

Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Италияда өткен ХІ халықаралық CLIP 2025 опера байқауында топ жарып, жеңімпаз атанған Әйгерім Алтынбекке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды qandastar.kz
– Еліміздің мәдениетін төрткүл әлемге танытып, халықаралық сарапшыларды мойындатқан бұл жетістігіңіздің мән-маңызы зор. Сіз мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, төл өнерімізді әлемнің төріне шығардыңыз. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра бересіз деп сенемін! – деп жазды Президент.