ЖаңалықтарСпорт

Президент Рыбакинаны “Барыс” орденімен марапаттады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны Эр-Риядта өткен WTA маусымдық қорытынды турнирінде жеңіске жетуімен құттықтап, оны ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды qandastar.kz

Мемлекет басшысы өз құттықтауында спортшының жоғары шеберлік пен ерік-жігердің үлгісін көрсеткенін атап өтті.

«Сіз жылды қорытындылайтын беделді жарыста айрықша өнер көрсетіп, асқан табандылық таныттыңыз. Бұл жеңіс — Қазақстан және әлемдік теннис тарихындағы маңызды жетістік. Еліміздің атын абыроймен қорғап, спорттың дамуына қосқан үлесіңіз үшін алғыс айтамын. Осы еңбегіңізді ескере отырып, Сізді ІІІ дәрежелі “Барыс” орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым», — деді Президент.

Мемлекет басшысы Рыбакинаға зор денсаулық, жаңа табыстар және Қазақстанның абыройын асқақтататын жарқын жеңістер тіледі.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button