Жаңалықтар
Президент тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы Заңға тоқталды

Фото: Ақорда
Президент жақында қабылданған тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес туралы заң туралы айтты, деп хабарлайды qandastar.kz
«Заң жақында күшіне енді. Бұл – өте қажет құжат. Бұл мәселеге қатысты менің көзқарасым белгілі. Әрбір қазақ отбасы үлгі болуы керек. Әрине, қабылданған заң орын алған келеңсіздіктердің барлығын жоя алмайды. Өйткені, бұл ұзақ және қиын процесс. Заң жазалау үшін емес, ең алдымен құқықтық мәдениетті қалыптастыру үшін маңызды. Бұл іске барлығының, әсіресе БАҚ өкілдерінің қатысуы маңызды», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ қызметкерлерін марапаттау рәсімінде.
Еске салайық, 15 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдер құқықтарын қорғау мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңға қол қойған болатын.