Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Президентке қастандық жасамақ болған әйел 95 жасында өмірден өтті

фото: ашық дереккөз

АҚШ-та 1975 жылы президент Джеральд Фордқа қастандық жасауға әрекеттенген Сара Джейн Мур 95 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Washington Post басылымы мәлімдеді, деп хабарлайды qandastar.kz

Басылым дерегінше, Мур 24 қыркүйекте Теннесси штатындағы қарттар үйінде көз жұмған. Бұл күн 50 жыл бұрын болған оқиғадан үш күн кейін сәйкес келген.

Сара Джейн Мур саяси көзқарасын жиі өзгерткен тұлға ретінде сипатталады. 1970 жылдары ол бастапқыда республикашылдарға жақтасса, кейін солшыл қозғалыстарға араласа бастаған. Тіпті қастандық әрекетіне дейін ФБР мен Сан-Франциско полициясына информатор болып жұмыс істеген.

1975 жылдың 21 қыркүйегінде Мур Лос-Анджелестегі қонақүй алдында 38 калибрлі револьверден оқ атып, президент Фордқа бір метрден ғана мүлт кеткен.

Сотта ол қылмысын мойындап, елде өзгеріс жасауды қалағанын мәлімдеген. Алғашында өмір бойына бас бостандығынан айырылғанымен, түрмеде 32 жыл отырған соң шартты түрде босатылған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button