Қаржы және төлемдер

Президенттің Іс басқармасы бюджеттің 80 млрд теңгесін қайда жұмсамақ?

Фото: gov.kz

Қаржы министрлігі 2024 жылға арналған бюджеттік түзетулерді жариялады, – деп хабарлайды qandastar.kz.

ProTenge телеграм арнасы жазғандай, мұнда Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасына қарасты нысандардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарына қатысты шығыстар көрсетілген.

Сонымен қатар  79,9 млрд теңге көлеміндегі шығындар ашық жазылған. Алайда шығысқа қатысты сандар ашық көрсетілгенмен, қаржының ұшы қайда баратыны, не үшін жұмсалатыны белгісіз болып отыр. Бұл ақпарат «қызметтік қолданыс» үшін деген белгімен де құпия күйде қалды.

Бюджет – халықтың ақшасы. Президент те әрбір тиын есеппен жұмсалуы тиістігін баса айтып отыр. Билік пен халық арасында сенім үзілмесе дейді.

Бірақ Президенттің қол астындағы қызметкерлер халықтың ақшасының қалай жұмсалғаны туралы ақпаратты неге «жасырып қалған»..

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close