Жаңалықтар

Президенттің «Суретке түсейік» деген сөзін естімеген диктор желі «жұлдызына» айналды

Атақты диктор Сауық Жақанова президенттің «Суретке түсейік» деген сөзін естімей қалып, желі «жұлдызына» айналды, деп хабарлайды  Qandastar.kz ақпарат порталы. 

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттады. Марапат иелерінің қатарында Сауық Жақанова да болды. Салтанатты рәсім барысында президент диктордың кеудесіне медаль тағып, гүл шоғын табыстады.

Осыдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев «Суретке түсейік» деп ұсыныс білдірген.

Алайда Сауық Жақанова оны аңғармай, өз орнына бет алған. Бір сәтте әріптестерінің «бірге суретке түсіңіз» дегенін естіген диктор естелік суретке түспегенін түсінеді.

Қызықты сәт түсірілген видеоны Президенттің Телерадиокешені әлеуметтік желіде жариялады.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close