Жаңалықтар

Президенттің жеке мобилографы болу: креативті жастарға байқау жарияланды

Фото: istockphoto.com

Елімізде ең жас және креативті мобилограф Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бір күндік жеке мобилографы бола алады. Бұл туралы танымал блогер Қыран Талапбек Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол өз сөзінде бұл жаңа кәсіп еліміздің тарихын жасайтын тарихи кезең екенін айтты.

«Құрметті, ханымдар мен мырзалар, барлық шәкірттеріміз бен мобилографтар, контентмейкерлер! Видеоларыңызды Тикток және Инстаграмға #nomadgamesfest салыңыз.

Көшпенділер ойындарына арналған ең креативті промо-ролик түсіріп, оны әлеуметтік желілерге, WhatsApp, Telegram-ға #nomadgamesfest хештегімен жариялаңыз. Бұл – сіздің өзіңіздің қабілеттеріңізді көрсетіп, керемет сыйлықтар ұтып алатын мүмкіндігіңіз!» – деп жазды Қыран Талапбек.

Ал жеңімпаздарға мынандай сыйлықтар беріледі:

– Гран-при:

  • Президенттің жеке мобилографы болу,
  • iPhone 15 Pro Max,
  • MOBILOGRAPHY BOX (жарық, микрофон),
  • + 1 000 000 теңге.

2-орын – 1 000 000 теңге.

3-орын – iPhone 15 Pro Max.

4-орын – 500 000 теңге.

5-15-орындар – MOBILOGRAPHY box (жарық және микрофондар).

16-20-орындар – Мобилография курсы (онлайн оқу).

21-100-орындар – Жеке мадақтамалар.

101-150-орындар – Арнайы сертификаттар.

Бөлек 50 орын.

«Сіздің видеоңыз әлеуметтік желіде 100 000 жинаған қаралымыңыз үшін – 50 000тг сыйлыққа. (TikTok, Instagram)

Қатысушыларды 1 қыркүйекке дейін қабылдаймыз, ал жеңімпаздарды 9 қыркүйекте анықтаймыз.

Қатысыңыздар, тарихты бірге жасайық!» – деп жазды мобилограф.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close