Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты мәлімдеме жасады

Фото: Kazinform

ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға қайтару келіссөздері жалғасып жатқанын айтты, деп жазады qandastar.kz   Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында тілшілер: «Әлеуметтік желіде Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға оралды деген ақпарат жарияланды. Бұл қаншалықты рас?» – деп сұраған еді.

Өз кезегінде Ғалымжан Қойгелдиев қазір ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Бас прокуратура Қазақстан азаматын Қытайдан қайтаруға бар күш-жігерін салып жатқанын айтты.

«Бұл жұмыс тоқтамады, яғни белсенді түрде атқарылып жатыр. Жақын арады бұл жағдай бойынша оң шешім болып қалады деп сенемін. Атап айтқанда, бұл бағытта жұмыстар оңай емес», – деді Бас прокурордың орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, бұған дейін Ақжарқын Тұрлыбай жазасын Қазақстанда өтеуге қатысты арызын жолдаған.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close