
Ұлытау облысында мас ер адам прокуратура ғимаратын досының үйі деп ойлап, қақпасын ашып, кірмек болған, деп хабарлайды Qandastar.kz
Жезқазған қаласындағы әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта прокуратура өкілі келтірілген залалдың 259 484 теңге 40 тиынд болғанын айтты. Оның бір бөлігі күдікті тарапынан өтелгенін айтты.
«Бұзақы сотта өз кінәсін мойындап, істеген ісіне өкініш білдірді. Сондай-ақ жақын уақытта шығынды толық өтейтінін айтты. Медициналық сараптама нәтижесі бойынша азамат орташа деңгейдегі мас күйде болған, – делінген сот хабарламасында.
Сот күдіктінің әрекетін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 147-1-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық деп танып, оған бес тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады.



