Әлеумет және қоғам

Прокурор Айжан Аймағанова жан сырын ақтарды

Фото: ашыш дереккөз

Халықтың ықыласына бөленіп, сүйіктісіне айналған Айжан Аймағанова қызының бастауыш сыныппен қоштасып жатқанын үзік кадрлар арқылы көрсетті, деп жазды qandastar.kz

Сонымен қатар ана ретінде бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетінін жеткізіп, сыр ақпарды:

«Қызымның бастауышпен қоштасу кеші болды — және бұл соңғы жылдары қатысқан санаулы шаралардың бірі.

Мен баламның әрбір ертеңгілігіне қатысып, сынып өміріне араласып, мұғалімге көмек көрсететін ана болмадым. Балаларым мектепке өздері барып келеді, кейде бірнеше автобуспен, ал кішісін дайындықтан өздері алып кетеді. Мен олардың өз бетінше бәрін игеріп жүргеніне мақтанамын. Бірақ кейде жанында болу да маңызды екенін түсінемін.

Балаларым мемлекеттік мектепте оқиды. Кейбіреулер таңғалады, ал мен олардың реакциясына таңғаламын. Мен үшін маңыздысы — қайда оқып жатқандығы емес, сол ортадан не үйреніп жатқаны: білім, дағды, мінез.

Балаларды қорғау күні қарсаңында тағы бір рет өзімізге ескерту жасағым келеді: балаларға бей-жай қарамаңыздар, оларды тыңдайық, естиік, жанында болайық. Күнде болмаса да, шынымен оларға маңызды сәттерде жанынан міндетті түрде табылайық», — деп жазды маман.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close