
Ресей президенті Владимир Путин мамыр айының соңында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі ресми түрде хабарлады.
Сапар Астанада өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысымен тұспа-тұс келеді.
Ақпаратқа сәйкес, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысын осы халықаралық жиын аясында елімізге келуге арнайы шақырған.
«Тоқаев Ресей президентін осы іс-шараға байланысты Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды. Путин шақыруды ризашылықпен қабыл алды», – делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, бүгін екі ел басшылары телефон арқылы сөйлесті.
Сарапшылар бұл сапарды Қазақстан–Ресей қарым-қатынасындағы маңызды дипломатиялық кезеңдердің бірі ретінде бағалап отыр.



