Әлем жаңалықтары

Путин Назарбаевты Жаңа жылмен құттықтады

Ресей президенті Владимир Путин Рождество мерекесі мен алдағы 2026 жылдың қарсаңында шет мемлекеттердің басшылары мен үкімет жетекшілеріне құттықтау жеделхаттарын жолдады, деп жазады qandastar.kz сайты kremlin.ru-ке сілтеме жасап.

Құттықтау хаттары келесі мемлекет басшылары мен үкімет жетекшілеріне жолданған:

  • Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев;
  • Абхазия Республикасының Президенті Бадра Гунба;
  • Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев;
  • Армения Республикасының Президенті Ваагн Хачатурян;
  • Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинян;
  • Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко;
  • Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров;
  • Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон;
  • Түрікменстан Президенті Сердар Бердымұхамедов;
  • Түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысы Гурбангулы Бердымұхамедов;
  • Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев;
  • Оңтүстік Осетия Республикасының Президенті Алан Гаглоев;
  • Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті Луис Инасиу Лула да Силва;
  • Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбан;
  • Венесуэла Боливар Республикасының Президенті Николас Мадуро;
  • Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам;
  • Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Лыонг Кыонг;
  • Үндістан Республикасының Президенті Дроупади Мурму;
  • Үндістан Республикасының Премьер-министрі Нарендра Моди;
  • Индонезия Республикасының Президенті Прабово Субианто;
  • Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин;
  • Корея Халық Демократиялық Республикасының Мемлекеттік істер төрағасы Ким Чен Ын;
  • Куба Республикасының Президенті Мигель Диас-Канель Бермудес;
  • Лаос Халық Демократиялық Республикасының Президенті Тхонглун Сисулит;
  • Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух;
  • Мьянма Одағы Республикасының Мемлекеттік әкімшілік кеңесінің төрағасы Мин Аун Хлайн;
  • Никарагуа Республикасының тең президенттері Даниэль Ортега мен Росарио Мурильо;
  • Рим Папасы Лев XIV;
  • Сербия Республикасының Президенті Александр Вучич;
  • Словакия Республикасының Үкімет төрағасы Роберт Фицо;
  • Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамп;
  • Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған;
  • Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасының Президенті Тайе Ацкеселассие;
  • Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасының Премьер-министрі Абий Ахмед;
  • Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Сирил Рамафоса.

Сонымен қатар, құттықтау жеделхаттары бірқатар бұрынғы шет мемлекет басшылары мен үкімет жетекшілеріне де жолданды. Олардың қатарында Нұрсұлтан Назарбаев, Рауль Кастро, Роберт Кочарян,  Серж Саргсян, Герхард Шрёдер бар.

Айта кетсек, осы аптада Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресейге барып, президент Владимир Путинмен кездескен болатын. Кремльдің баспасөз қызметі таратқан видеоға қарағанда кездесу Путиннің Кремльдегі пәтерінде өткен.

Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті, – деп жазылған хабарламада.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button