Жаңалықтар

Путин тағы да «ядролық қарумен» қорқытты

Фото: ашық дереккөзден

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин ядролық қаруды қолдану мүмкіндігі туралы тағы да мәлімдеді, деп хабарлайды Qandastar.kz Ulysmedia.kz сілтеме жасап.

Ядролық қаруды қай кезде қолдануы мүмкін

Путин Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында сөз сөйледі.

«Ядролық қаруды қолдану шарттарын айқындау бөлігінде бірқатар нақтылаулар енгізу ұсынылды. Мәселен, негіздер жобасында мемлекеттер мен әскери одақтар санаты кеңейтілді. Бейтараптандыру үшін ядролық тежеу іс-шаралары орындалатын әскери қауіптердің тізбесі толықтырылды. Сіздің назарыңызды мынаған аударғым келеді: құжаттың жаңартылған редакциясында кез – келген ядролық емес мемлекет тарапынан бірақ ядролық мемлекеттің қатысуымен немесе қолдауымен Ресейге қарсы агрессияны, олардың Ресей Федерациясына бірлескен шабуылы ретінде қарастыру ұсынылады», – деді ол.

Ол Ресей одақтас мемлекеттің қатысушысы ретінде Ресей мен Беларуссияға қарсы «агрессия» жағдайында ядролық қаруды қолдану құқығын өзіне қалдыратынын түсіндірді.

Зеленский не деді

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Украинадағы соғыстың аяқталуына көбі ойлағаннан да аз қалғанын мәлімдеп, одақтастарын елдің әскерін күшейте түсуге шақырды.

Жеңіс жоспары

«Жеңіс жоспары – бұл Украинаны күшейту. Сондықтан да біз достарымызды, одақтастарымызды бізді күшейтуге шақырамыз. Бұл – өте маңызды. Меніңше, бейбітшілік біз ойлағаннан да жақын. Біз соғыстың аяқталуына жақындап қалдық» деді Зеленский ABC News-ке берген сұхбатында.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close