Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Путин Тоқаевқа әкесінің марапат парағын табыстады

Кемел Тоқаев Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған, бірақ II дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей Қорғаныс министрлігінің мұрағатынан алынған Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі – гвардия сержанты Кемел Тоқаевқа қатысты марапат парағын табыстады.

Құжатқа сәйкес, Кемел Тоқаев Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған. Алайда бұл атақ оған берілмеген.

Ол Польша аумағындағы шайқастарда көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close