Жаңалықтар
Путин Украинаға ешқандай шартсыз тікелей келіссөздер өткізуді ұсынды

Фото: РБК
Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Украинаға ешқандай шарт қоймастан тікелей келіссөздер жүргізуді ұсынды. Бұл туралы qandastar.kz сайты РБК порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Путиннің айтуынша, Ресей мұндай диалогты 15 мамырда-ақ Ыстамбұлда бастауға дайын.
«Президент Ердоғанмен сөйлесеміз деп жоспарлап отырмыз. Одан осы келіссөздерді өткізу мүмкіндігін сұраймын», – деді Ресей көшбасшысы.
Сондай-ақ Путин Украина мен Еуропа елдерінің 30 күндік бітім туралы ұсынысынан бас тартып, ультиматумды қабылдамағанын және өз шарттарын қойғанын айтты.
«Біздің ұсыныстарымыз үстелде жатыр, шешімді Украина мен олардың еуропалық кураторлары қабылдауы керек», – деді ол.
Бұдан бөлек Ресей үш күндік мамыр бітімін Киевтің әрекетіне қарай ұзартуды жоққа шығармайтынын мәлімдеді.
Мәлімдеме әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарын дүрліктірді. Stan.kz танымал басылымдардың кейбіреуінің реакциясын жинады. NBC Путин қолданған тұжырымдар оның «ұзақ мерзімді салдары болатынын, соның ішінде тұрақты бейбітшілікке бағытталған маңызды келіссөздер жүргізуге ниеті бар екенін» көрсетеді деп есептейді. GuardianРесей басшысының үндеуін «еуропалық көшбасшылардың 30 күндік бітім туралы ультиматумына Ресейдің жауабы» деп сипаттады.
Ал Reuters агенттігі Путиннің «жаңа бітім немесе атысты тоқтату туралы келісімдер» мүмкіндігін жоққа шығармайтынын атап өтті. Бірақ мұндай келісім «тұрақты бейбітшілікке» бастар алғашқы қадам болуы керек екенін жеткізді.
GB News болса Ресей президентінің мәлімдемесін маңызды оқиға деп бағалап, оның Украинамен ықтимал келіссөздерге «негіз қалағанын» жазды. The Sun басылымы да Путин «келіссөздерге жол ашты» деп мәлімдеді.
Washington Examinerбасылымының пікірінше, Путиннің сөзі «атысты тоқтатуға ишара жасады» деп болжайды. Ал испаниялық Vanguardiaгазеті Путин «30 күндік бітімді ашық түрде қабылдаған жоқ» деп атап өтті. Бұл пікірдіEl Mundo басылымы да қуаттайды. БАҚ өкілі Ресей президенті еуропалық ұсынысқа нақты жауап бермеді деп есептейді.