Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Путин жанындағы кеңес: Ресейшіл блогерлерге Қазақстанда қысым жүріп жатыр

Ресей президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі кеңес «Северный казах» лақаптымен танымал блогерге қатысты үндеу дайындап жатыр. Бұл туралы кеңес мүшесі Марина Ахмедова өзінің Telegram-каналында хабарлады, деп жазды qandastar.kz

Ахмедованың айтуынша, Азия елдерінде ресейшіл блогерлерге қысым көрсету тенденциясы байқалады.

«Төлегенов сияқты блогерлердің қарсыластары – жергілікті радикалдар. Сондықтан бұл мәселелер бізге де қатысты. Бұған дейін мен Өзбекстандағы құқық қорғаушыларға Азиз Хакимов ісі бойынша жүгіндім, бірақ нәтиже шыққан жоқ. Қазақстанға да үндеу жасаймыз, бірақ оның да әсері күмәнді», – деп жазды Ахмедова.

Ол Төлегеновтің әрекеттерін түсіндірді.

«Ол Ресейдің арқасында Қазақстан өркениетті мемлекетке айналғанын айтатын. Ойы — Қазақстан мен Ресейдің арасын жақындастыру ғана еді. Сол себепті  қарсыластары табылды. Бастапқыда блогер желідегі сөзінен кейін жеті күнге қамауға алынды, кейін екі айға қамау мерзімі ұзартылды және соңында сот оны ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарды», – дейді Ахмедова.

Айта кетейік, 19 қарашада блогерге қатысты сот үкімі шықты. Ол ұлттық алауыздықты қоздыру және жалған ақпарат тарату бойынша кінәлі деп танылып, үш жыл тоғыз айға бас бостандығынан айырылды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button