Жаңалықтар
Путиннің Құранды құрметпен сүйген видеосы мұсылман елдерінде қызу талқыға түсті
Фото: ашық дереккөз
Ресей президенті Владимир Путиннің Құран кітапты сүйген видеосы қызу талқыланып жатыр. Бұл жағдай Ресей басшысының Шешенстанға сапары кезінде болған, деп хабарлайды qandastar.kz Skifnews.kz ақпарат порталы,а сілтеме жасап.
Ресей президентінің әлеуметтік желіге тараған видеосы үлкен талқыға айналған. Оның бұл әрекеті Түркия, БАӘ, Египет, Сирия және басқа мемлекеттердегі ақпарат алаңында қызу талқыланған.
“Путин осылай мұсылман елдеріне зор құрметін білдіріп жатыр”, – деп жазады әлеуметтік желі қолданушылары.
Алайда бұған қарсы пікірлер де жетіп артылады.
“Курск облысынан жағдайдан кейін Ресей билігі мұсылман халықтары көтеріліп кетпесін деп осыған барып отыр” деп жазғандар да бар. Шешенстанға дейін Путин Әзербайжанға барған еді. Ол сапарын да кейбір саясаткерлер басқа мемлекеттерден қолдау іздеу амалы деп жазады.