Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Путиннің қызы жаңа қызметке тағайындалды

Ресей президентінің қызы Мария Воронцова Мәскеу мемлекеттік университеті (ММУ) жанындағы Медициналық ғылыми-білім беру институтының (МҒБИ) директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі Кyrgyz_google_312 парақшасына сілтеме жасап хабарлады.

МҒБИ — ММУ құрылымындағы «интеграцияланған ғылыми-білім беру кластері». Оның құрамына Фундаменталды медицина факультеті, Регенеративті медицина орталығы және университеттік клиника кіреді.

Фундаменталды медицина факультетінің ресми сайтында соңғы жылдары ММУ басқару құрамын жаңартуға және жас буын мамандарын қолдауға бағытталған кадрлық саясатты жүйелі түрде жүзеге асырып келе жатқаны атап өтілген.

Мария Воронцова 2022–2024 жылдары факультетте ғылым жөніндегі декан орынбасары қызметін атқарған. Ал 2024–2025 жылдары МҒБИ директорының ғылым жөніндегі орынбасары болған.

Биыл жазда Мария Воронцова Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында (ПМЭФ) сөз сөйлеп, адам мүмкіндіктерін жетілдіру тақырыбын көтерген еді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button