Жаңалықтар

«Пышақ жүрек тұсына тиген»: Алматыда дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегерін бір топ адам соққыға жықты

Фото: Видеодан скрин

Алматыда дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегері Дамир Исахановқа бір топ адам шабуыл жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еgovpress Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Пышақ соққыларының бірі спортышының жүрек аймағына тиген. Бақытымызға орай, спортшы аман қалды.

Ал Алмалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қылмыстық іс қозғады.

«Аталған іске қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген полиция хабарламасында.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, басшылық тергеу барысын жіті қадағалап отыр.

Дамир Исаханов – Қазақстанның спорт шебері. Дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионы, жастар арасындағы әлем чемпионатының қатысушысы.

Айта кетейік, бұған дейін 2023 жылы Алматыда фитнес жаттықтырушыны өлтіріп кеткен еді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close