Жаңалықтар

«Qarmet» компаниясының экс-қызметкерлері 1 миллиард теңге ұрлап ұсталды

Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция қызметкерлері  1 миллиард теңгеге жуық ақша жымқырды деген күдікпен «Qarmet» компаниясының бұрынғы лауазымды тұлғаларын және басқа да мердігер ұйымдардың қызметкерлерін ұстады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы хабарлайды.

Министрліктің мәліметінше, ұсталған 14 адам алдын ала сөз байласып, компанияның өндірістік қалдықтарын Теміртау қаласы жанындағы қараусыз территорияға тиісті нормадан тыс, яғни өңдеусіз төккен.

“Қазір қылмыстық іс аясында 14 күдікті тергеліп жатыр”, – делінген хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close