Жаңалықтар

Qarmet Қытай банктерінен 1,3 млрд доллар қарыз сұрамақ

Фото:  t.me/atamekenbusiness_silkway

Qarmet компаниясы (бұрынғы «АрселорМиттал Теміртау») Қытай банктерінен 1,3 млрд доллар қарыз алмақ. Бұл қаржыны өз инвестициялық бағдарламаларын жүзеге асыруға жұмсайды. Бұл туралы компания бас директорының қаржы және стратегиялық даму жөніндегі орынбасары Зәуре Зәуірбекова мәлімдеді, деп жазады Qandastar.kz  t.me/atamekenbusiness_silkway сілтеме жасап.

«Жабдықтардың негізгі бөлігі көрші елден жеткізілетіндіктен, қазір Қытай банктерімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Мәселен, кокс пешінің аккумуляторын жөндеу және қайта құру жобасына 460 млн доллар керек. Ал жабдықты ауыстыруға қажет қаржы 700-800 миллион долларға жетуі мүмкін», – деді Зәуірбекова.

Компания өкілі қазақстандық банктер және халықаралық даму институттарымен де келіссөз жүргізіліп жатқанын айтады. Еуразиялық даму банкі де Qarmet-тің жобаларына қызығушылық танытқан. Бұл жобалардың жалпы құны 1,3 млрд долларды құрайды.

«Еуразиялық даму банкімен ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп келеміз. Қаржы ұйымы қазір түрлі жобаларды қарастырып жатыр, 1,3 млрд доллар көлемінде қарыз беруге дайын. Бірақ қарыз нақты жобаларға берілетіндіктен, көп нәрсе жобаны жүзеге асыру мерзіміне тәуелді. Соған байланысты біз түрлі бағдарламалар дайындадық», – деп нақтылады Зәуре Зәуірбекова.

Оның айтуынша, құны 3,5 млрд доллар инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру үшін халықаралық және қазақстандық банктердің синдикаты құрылады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close