2025 жылғы 1–15 желтоқсан аралығында «Заң және тәртіп» жалпыұлттық нарративі аясында қаржылық қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған «Qarzhy Saqshysy» республикалық компьютерлік ойыны өткізілді, деп хабарлайды QANDASTAR.
Жоба Қаржылық мониторинг агенттігі тарапынан AML Academy-мен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.
Ойын интерактивті форматта ұйымдастырылып, қатысушылар қаржылық тәуекелдерді анықтауды, виртуалды қаражатты басқаруды және қаржылық қауіпсіздікке қатысты тапсырмаларды орындады. Школьниктер мен колледж студенттері дропперлік белгілерін тануды, қаржы пирамидаларын анықтауды, сондай-ақ фишингтік сайттарды шынайы ресурстардан ажыратуды үйренді.
Республикалық жобаға Қазақстанның барлық өңірінен 10–11 сынып оқушылары мен колледждердің 1–2 курс студенттерін қоса алғанда, 800 мыңнан астам білім алушы қатысты. Жоба қорытындысы бойынша үздік қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталады.
«Qarzhy Saqshysy» ойыны қаржылық тұрғыдан сауатты әрі жауапты ұрпақты қалыптастыру жолындағы маңызды қадамға айналды. Алдағы уақытта жоба жыл сайын өткізіліп, қаржылық қауіпсіздік саласындағы білімді арттырудың тұрақты дәстүрі болмақ.