Жаңалықтар

Qazaq Air әуе компаниясының атауы өзгереді

Фото: qazaqair.com

Қазақстандағы Qazaq Air компаниясы ның атауы енді VietJet Kazakhstan деп аталмақ. Бұған дейңн компанияның акциясын  инвестор Sovico Group сатып алған болатыр, деп хабарлайды qandastar.kz сайты. 

Бүгін Астанада өтіп жатқан дөңгелек үстелде Қазақстан – Вьетнам тарапы осындай келісімге қол қойды.

«Келісім кешенді жекешелендіру жоспарының аясында жасалды. Сатып алушы — Sovico Group компаниясы. Келісімнің барлық шарттары орныдалды, төлем алынды, акциялары инвестордың дербес шотына берілді», — деді «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Бұл серіктестік Қазақстан мен Вьетнам арасындағы экономикалық байланысты нығайтады. 2024 жылдың мамырында Вьетнамның Sovico Group холдингі Qazaq Air компаниясын сатып алуға ниетті екені белгілі болған. Желтоқсанда «Самұрық – Қазына» АҚ инвесторлар консорциумымен Qazaq Air акцияларын сату – сатып алу келісімшартына қол қойылғанын хабарлады. Инвестор әуе компаниясын дамытады. Алдағы бірнеше жылда Boeing 737 Max немесе Airbus A321 маркалы 20 ұшақ қоспақ.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close