Жаңалықтар

Qazaq Air рейсі бірнеше рет кейінге шегеріліп, жолаушылар түн бойы әуежайда күтуге мәжбүр болды

Кызылорда – Астана бағыты бойынша Qazaq Air компаниясының IQ426 рейсі техникалық ақауға байланысты бірнеше рет кейінге шегерілді. Пассажирлердің айтуынша, олар түн бойы әуежайда тамақ пен демалыссыз күткен, деп хабарлады qandastar.kz

Жолаушы Самал Ордабекқызы Қаңлыбаева әлеуметтік желіде жазба жариялап, рейстің алғашында 26 қазан күні сағат 22:30-да ұшуы тиіс болғанын айтты. Алайда әуе компаниясы ұшу уақытын бірнеше рет өзгерткен:

🔹 22:30 (26 қазан) → 01:30 (27 қазан)

🔹 кейін 03:00-ге

🔹 одан соң 04:15-ке

🔹 соңында 27 қазан күні сағат 20:15-ке шегерілген.

«Қазір сағат 03:45. Біз әлі де Кызылорда әуежайында отырмыз», – деп жазды жолаушы.

Компания өкілі Ардактың айтуынша, Астанадан ұшып шыққан ұшақ техникалық ақау себебінен қайта оралған. Кейін рейсті орындау үшін Новосибирскіден басқа әуе кемесін жіберу жоспарланған, алайда ол да жарамсыз болып шыққан.

Пассажирлердің сөзінше, ұзақ күту кезінде тамақ пен қонақүй берілмеген, бұл Қазақстан Республикасының әуе көлігімен жолаушыларды, багаж бен жүкті тасымалдау қағидаларына және «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңға қайшы келеді.

Компания өкілі «қонақүй жауап бермей жатыр, ал басқа мекемелермен келісім жоқ» деп түсіндірген. Сондықтан жолаушыларға әуежайда күту ұсынылған.

Пассажирлер әуе компаниясынан жедел түрде жарамды ұшақ жіберуді, қажет болған жағдайда басқа компанияның бортымен ұшуды қамтамасыз етуді, сондай-ақ жолаушыларға тамақ пен тұру жағдайын ұйымдастыруды және ресми түсініктеме беруді талап етті.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button