Жаңалықтар
Qaznews24 сатиралық парақшасының авторына үкім шықты

Фото: ашық дереккөз
Qaznews24 сатиралық парақшасының авторы Темірлан Еңсебекке қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлады qandastar.kz
Соттың шешімімен Еңсебекке бес жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, оған қоғамдық қызметпен айналысуға, соның ішінде журналистік қызмет атқаруға, митингілерге қатысуға, сұхбат беруге тыйым салынды.
Темірлан Еңсебек өзіне тағылған айыптарды мойындамай, толық ақтауын талап етті. Ал қорғаушысы соттан істі тоқтатуды сұраған.