Ғылым және жоғары білім министрлігі 1991 жылдан бері берілген дипломдарды арнайы QR код арқылы тексеру жүйесін іске қоспақ. Бірақ бұған қатысты қоғамда түрлі пікір өрбіп жатыр. Бұл туралы Qandastar.kz хабарлайды.
«Енді сол QR арқылы піссімллә деп депутат Ардақ Назаровты тексерсін. Бір жылда екі диплом берген кім? Сол университеттердің басшылығы архивті ақтарсын. Оқуға қабылдаған, диплом алған бұйрықтың нөмірін тексерсін. Жауапты адамдарға шара қолдансын. Әйтпесе млн теңге жалақы алатындардан спрос жоқ, 150-200 мың теңге жалақы алатынға қоқаңдай бергеннен не пайда?», — деп жазды Facebook желісінің қолданушысы Ақерке Рахымберді.



