Жаңалықтар
«Рахман қайнары» шетелдіктерге беріле ме?
Фото:
Электрондық сауда алаңында «Рахман қайнары» шипажайын мемлекеттік органдардың балансына беру бойынша сауда-саттық өтті, деп хабарлайды qandastar.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
ШҚО әкімдігінің ақпаратынша, сауда-саттық нәтижесінде шипажай Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының балансына берілді.
«22 тамызда сауда-саттық өтті. Бүгінгі таңда нысанды қабылдауға мемлекеттік органдардан құралған комиссия барды. Шипажайды шетелдік компанияларға беру жоспарда жоқ», — деп атап өтті ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ардақ Мәдиев.