Танымал өнер жұлдыздары Райм мен Ерке Есмахан ұлдары Исламның туған күнін атап өтіп, осы отбасылық мерекеден жылы сәттерді желіге жүктеді, деп жазады qandastar.kz.
Ерке Есмахан Instagram парақшасында баласының туған күні жайлы бөлісіп, оның өсіп, ержете бастауы өзі үшін үлкен бақыт екенін жеткізді.
Әншінің айтуынша, олар биыл мерекені кең көлемде емес, тек ең жақын адамдардың ортасында, үй жағдайында өткізуді жөн санаған.
«Бала көңілді болса, жанында жақсы көретін адамдары тұрса — біз үшін ең үлкен қуаныш сол», — деп жазды ол.
Желіге жарияланған видеолар мен суреттерден Исламның ата-әжесінің, кіндік шешесінің, нағашыларының және күтушілерінің сыйлықтарын шаттана ашып, қуанып ойнап жүргенін көруге болады. Жанкүйерлер жұптың баласына ұзақ өмір мен денсаулық тілеп, жылы пікірлерін жаудырып жатыр.
Көпшілік Ерке мен Раймның қарапайым, бірақ шынайы отбасылық атмосфераны жоғары бағалап, балаларын жақын жандардың ортасында өсіріп келе жатқандарына сүйсінетінін де жазуда.
@kz.zvezdy #❤️ #бакыттыболындар ♬ оригинальный звук — zvezdykz



