ЖаңалықтарШоу бизнес

«Райм сүйетін Еркені көрсеткім келді»: Ерке Есмахан шынайы түрін көрсетті (ФОТО)

Танымал әнші Ерке Есмахан суреттерін жариялап, елдің ықыласына бөленді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында суреттерін жариялады.

«Сіздер білетін Еркені емес, Райм сүйетін Еркені көрсеткім келді.

Күйеуімнің камерасы да, өзі де менің бұйра-бұйра шаштарыма ғашық екенін осы суреттерден байқауға болады.

Табиғи шашым осындай, мінезді», — деп жазды ол.

Желі қолданушылары әншінің образына жақсы баға беріп, қолдау білдіріп жатыр.

«Раймның әні бұйра деген қою керек еді», «көзі махаббатқа толы екен» және «мына сұлуғыңызды ертен жаңалық қылып жібереді» деп жазып жатыр олар.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button