Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Райымбек Баталов президенттің штаттан тыс кеңесшісі болды

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Райымбек Баталов президенттің штаттан тыс кеңесшісі болды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Райымбек Баталов 2026 жылдың қаңтарында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы қызметінен кеткен болатын.

Ол Қазақстан президентінің кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының бұрынғы төрағасы Райымбек Баталов Тимур Құлыбаевтың орнына 2022 жылдың ақпанында келген болатын.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы – Қазақстандағы шағын, орта және ірі бизнестің мүдделерін қорғайтын коммерциялық емес ұйым.

Қаңтарда Қанат Шарлапаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының жаңа төрағасы болды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button