Жаңалықтар

Рамиль Мухоряпов қазақ тіліндегі ChatGPT жобасын жариялады

Фото: Пресс кз

Алматыда «Ажырау» фильмінің арнайы көрсетілімі барысында кәсіпкер Рамиль Мухоряпов қазақ тіліндегі жаңа жасанды интеллектіні жариялады. Мухоряповтың айтуынша, ол барлық салада қазақ тілін қолдану мәселесін мұқият зерттеп, мемлекеттік тілді дамыту және танымал ету үшін бастама көтерген.

«Бүгін біз болашақтың бір бөлігін – яғни ең қуатты қазақстандық жасанды интеллектіні паш етіп отырмыз. Ол қазақ тіліне сапалы аударма жасап қана қоймай, сонымен қатар, қателерді анықтап, әзілдердің контекстін түсінеді және сізге жауап бере алады. Мұның бәрін ол қазақ тілінде сапалы түрде орындайды. Елестетіңізші, жақын болашақта ең алдыңғы қатарлы ғаламдық білім көздері кез келген қазақстандық үшін ана тілінде қолжетімді болады. Сонымен қатар, біз кез келген бизнестің, соның ішінде халықаралық бизнестің де қазақ тілінде сөйлеуіне көмектесе аламыз», – деп атап өтті Рамиль Мухоряпов.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close